Ғафу Қайырбеков — "Кітапхана" журналына

Осы парақта Ғафу Қайырбеков — "Кітапхана" журналына деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ғафу Қайырбеков — "Кітапхана" журналына текст, сөздері, ән мәтіні

Сәлем, саған — сағындырған жас перзент!
Сен қарыштап туа салып, өс, ержет!
Бүкіл қазақ кең даласын арала,
Малшылармен тауға шығып, төске өрлеп!
Егіншілер, балықшылар, кеншілер,
Оқыр сені, өз мүлкіндей еншілер.
Жарқылдашы сен жастардың қолында,
Кел білімнің шарайнасы, келші,- дер.
Солар ертең болашақтың тірегі —
Өз ұлтымен бірге соққан жүрегі.
Біз мемлекет бола алмаймыз білімсіз,
Білім ғана — бар құрылыстың сүйегі.
Білім ғана — өркендеудің ақ жолы,
Содан ғана елдігіңнің бар, жоғы.
Көрінеді көлденеңнің көзіне,
Осы бастан келешекке қамда оны!
Кітапхана — атың сенің тым ыстық,
Жаңа таңда жарқыраған күміс шық,
Секілденіп жанымызға нұр тамыз,
Сен құстай боп көзімізде жүр ұшып.
Сені Абайдың аруағы жебесін,
Сені Ыбырай ықыласы демесін,
Сен айналып шағаладай шарықта
Біздің жаңа ғылым, білім кемесін!
Енді алдыңда айдай анық жол жатар,
Сен арқылы ел сәлемін жолдатар!
Сен жасай бер, жақсылықтың жаршысы,
Саған бүгін мен тілеймін оң сапар!

Оставьте комментарий