Ғафу Қайырбеков — Көгершіндер

Осы парақта Ғафу Қайырбеков — Көгершіндер деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ғафу Қайырбеков — Көгершіндер текст, сөздері, ән мәтіні

Күнде ертемен нан септім,
Қызықтадым сол сәтті.
Сөйте-сөйте дәндеттім
Көгершінді он шақты.
Тереземді азаннан
Тырсылдатып тұрғаны,
Келетіндей базардан
Көзге таныс бір жаны.
Қыстың көзі қырауда
Не мақұлық жансебіл,
Халы келмес сұрауға
Қалғандығын қанша өмір.
Сонда да бір жанталас —
Тіршілік үшін, нан үшін.
Өлдім десе, байқамас,
Жасы талап көрісін.
Шетке қағып әлсізін,
Жейді ананың бұл асын,
Бұлардың да арсызын
Байқап, біліп тұрасың.
Түні бойы күзетіп,
Терезеге телмірген.
Башпайына сыз өтіп,
Өкпесіне жел кірген.
Бір көгершін жүдеу бас,
Шыдам, парыз өтеген.
Енді оңаша жермін ас —
Тойып, толып бөтегем!
Дегеніңше, еңбегі
Тағы зая, қайтпайды,
Қайдан, қашан келгені
Белгісіздер қаптайды.
Астында қап бәрінің,
Жаншылады бүйірі,
Зордан тапқан нәрінің
Бұйырмай бір түйірі.
Бұрып еді бүйрегім,
Қалсыншы деп бүгін жеп.
Бәрі осы-ау дүниенің
Қала бердім күбірлеп.

Оставьте комментарий