Ғафу Қайырбеков — Партизандар атымен

Осы парақта Ғафу Қайырбеков — Партизандар атымен деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ғафу Қайырбеков — Партизандар атымен текст, сөздері, ән мәтіні

Көктемде жайып көлемін,
Кектей өтіп алапты,
Басып өзен кемерін
Су қаптайтын жан-жақты.

Биыл да сол әдеті
Су бұрқана тасыпты.
Салмақ болып бөгетті,
Халық күрес ашыпты.

«Күш атасын танымас»
Алыпты ел бұғаулап
Көніпті асау бағынбас,
Кете алмапты су аунап.

Бөгет салған сол тұста
Тұратын көп ағашы.
Қаза болған соғыста
Партизандар моласы.

Ел күшімен дөңгелеп
Су тынғанда тартып дем.
Аталыпты сол бөгет
Партизандар атымен.

Жылда толқын шұбалып
Құр пайдасыз кешетін.
Тұр егінді суарып
Ел ырысын шешетін.

Оставьте комментарий