Ғафу Қайырбеков — Сейдахметке

Осы парақта Ғафу Қайырбеков — Сейдахметке деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ғафу Қайырбеков — Сейдахметке текст, сөздері, ән мәтіні

Қалың қазақ ішінде
Жомарт еді
Сейдешің,
Өзім деген кісіге
Шешіп берер жейдесін!
Сырты қара, іші ақ,
Қоян ішік секілді.
Қыста кисең ыстық-ақ,
Балқытады етіңді.
Бауырыңды жібітіп,
Бал мен жеміс жегізген.
Маңдай алды жігіттің —
Осы нағыз дегізген.
Кеше көрген туысың,
Бүгін тапқан жолдасың.
Іс істемес күні үшін,
Өзі мықты болғансың.
Бақ дәметіп, шен сұрап,
Жерлестігін сатпаған.
Көзден жасы тамшылай
Көмек сұрап жатпаған.
Жар саулығын тілеген,
Ар саулығын сұраған,
Аруақ өзі сүйеген,
Аллаң өзі құраған.
Жүдеу тартқан шағында
Кыдыр кетпей маңынан.
Қайта түсіп бабына,
Қайта дәулет дарыған.
Атақты Медеу — бай жомарт,
Адамзаттың асылы.
Туған соны қайталап,
Сейдахмет нәсілі.
Текті атаның баласы
Тартпай қоймас нәсілге.
Асып толса қанасы
Айналатын теңізге.
Мың қойыңның ішінде
Ақ мүйізді бір қошқар,
Хан келсе де кішірмей,
Қамшы тастап, сөз бастар.
Арғы атасы — Қасқарау,
Бергі атасы — Қарасай,
Белде күміс таспа-бау,
Өңіріне жаға сай.
Емен садақ өңгерген,
Еңсесінде ақ сауыт.
Асу-асу жол көрген,
Асау жауға көп шауып.
Айта берсең, жетпейсің,
Ердің арғы түбіне.
Бір айналмай кетпейсің
Құт құйылған күбіге.
Сол Сейдешің келіпті
Міне бүгін алпысқа,
Нені көрді, нені ұқты
Өмір деген тартыста?
Соны айтайын деді ме,
Қаптап келген еліне,
Елін баққан еріне
Ер туғызған жеріне.
Ия, тыңдайық, тыңдайық,
Сөйлесін, дос, сөйлесін,
Көп жасасын халайық,
Қара бала, қара шал,
Қара тұлпар Сейдешің!
5 маусым, 1993 жыл

Оставьте комментарий