Ғафу Қайырбеков — Өлкейек

Осы парақта Ғафу Қайырбеков — Өлкейек деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ғафу Қайырбеков — Өлкейек текст, сөздері, ән мәтіні

Арқаның бір өзені Өлкейектен
Даланың тентек желі көктей өткен.
Тұратын жағасында жалғыз терек
Тайынбас жас батырдай жекпе-жектен.

Жалықпай күткен жандай бір арманды,
Даланы жалғыз шолып келді ол мәңгі.
Алға ұзақ жыл үстінен аса қарап,
Сол терек шақырғандай нулы орманды.

Жаңа өмір кестесіндей жерге салған,
Келеді өсіп сонда бір жас орман.
Іске асты ұзақ жылдар шөгіп жатқан
Тарихтың өзіменен құрдас арман.

Түрдік те тер шығара біз білекті.
Аударып алып тастап құзды шеткі.
Суартып әр толқынға бір ағашты
Далаға сүйреп кеттік Өлкейекті.

Оставьте комментарий