Ғафу Қайырбеков — Өмір күші

Осы парақта Ғафу Қайырбеков — Өмір күші деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ғафу Қайырбеков — Өмір күші текст, сөздері, ән мәтіні

Мыңдаған қалам өрнегі түсіп,
Алуан көздің от ізі қалған.
Талайдың басып алақаны ыстық,
Екінші қолға суымай барған,

Маған да жетті сол қағаз қымбат,
Жүректен шықты мызғымас антым.
Қаламның бойын қуалай зырлап,
Құйылды барып қағазға әрпім.

Үндеуден көрді көзім тез шалып,
Інімнің қолын қойылған шапшаң.
Тұрғандай болды тұтасып халық,
Осынау байтақ астында аспан.

Жалауын бейбіт өмірдің ортақ,
Көтеріп қолдан айбарлы үнмен.
Астында тудың тұрды бір шырқап,
Өзімдей ұлан өмірді сүйген.

Толды да кеуде сезіммен күшті,
Өмірдің алып қайратын көріп.
Келешек маған жымия түсті,
Өзінің ғажап ісіне сеніп.

Оставьте комментарий