Ерітер жанды ерекше үнің
Сен болшы мәңгі солмайтын гүлім
Қателігімді кешірші күнім
Кінәлі жаным.
Жасырам неге тасыған сезім
Ұмытам деме қайда сол сөзің
Жүрегімдегі иесі өзің
Осы бір әнді
[Қайырмасы]
Бағалай алмадың кінәлімін
Қуана алмаймын сірә бүгін
Білмеймін сөздерің от берілме
Жаныңды сезбедің өкпелеме
Үмітің үзілмес жаным білем
Бақ құсым жүрегім сағынады
Өзіңмен өткен күн ұмытылмас
Шаттығым сен үшін бәрі-бәрі
Өзің деп шырқаған қабыл алшы
Махаббат әнін!
Бақытым болмай жүректі толғай
Жасырған жандай қасымда қалмай
От болып жанбай тәп-тәтті балдай
Жұбата алмадым.
Жанарың жасқа толмасын мәңгі
Сүйгенің распа арнадым әнді
Өзіңнен басқа өзге бір жанға
Ұмыта алмадым.