Қалқаман Сарин — Ай

Осы парақта Қалқаман Сарин — Ай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Қалқаман Сарин — Ай текст, сөздері, ән мәтіні

Түн. Бұлыңғыр бір мұңға боялды көк,
Мен отырмын, ой – сергек, ояу – жүрек.
Алабұртып аспаннан іздегенім —
Үнсіз ғана сырласар аяулым ед…Әппақ, әппақ арманым Айға асығып,
Қайтып жерге түседі қайғы асынып.
Жұбатады жанымды, кірпігіне
Жұлдыз біткен жылт еткен ой жасырып.Меңіреу түн. Айнала – керең құлақ.
Айсыз аспан. Бір жұлдыз төмен құлап,
Кеңістікке жұтылып кетті тағы,
Жеткізе алмай бір хабар сенен бірақ.Тұңғиықтан тұйық сыр қашап алып,
Құлазиды көңілім қоса налып.
Менің таудай мұңымды көтере алмай,
Қара түннің кетеді шашы ағарып.Айым, сенсіз мына түн тым үрейлі,
Тұншықтырып тастайтын тұнық ойды.
Мейірленіп мен үнсіз қарасам да,
Қара аспанның қабағы жібімейді.Көк ішінде адасқан сен де жалғыз,
Көп ішінде адасқан мен де жалғыз.
Бөлісуге келгенде елге адалмыз,
Көрісуге келгенде кембағалмыз.

Оставьте комментарий