Қалқаман Сарин — Арқаттағы біздің үй…

Осы парақта Қалқаман Сарин — Арқаттағы біздің үй… деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Қалқаман Сарин — Арқаттағы біздің үй… текст, сөздері, ән мәтіні

Ауыл. Түнді жамылып ап,
Түгел тылсым көшке еретін.
…Біздің үйдің шамы бірақ,
Бәрінен де кеш сөнетін.Ай көңілге нұрын сеуіп,
Қиял құштық үйге сыймай.
Кеш батса да жүруші едік,
Кешіп бастан күйді осындай.Тұла бойдан текті аңқытып,
– Болармысың мұнша қырсық,
Әкеңе айтам! – деп қорқытып,
Жүреді Анам жұмсақ ұрсып.Анам – момын, Әкем – қатал,
Бір біріне жақын, серік.
Кілең ұлдар қатар-қатар,
Кілем үсті жатушы едік.Шілде күні. Өрт айнала,
Терезеден түскен арай.
Ойын қуған өңкей бала,
Оянушы ек түске қарай.Жалаң аяқ жаз өтеді,
(Есейдік-ау біздер ептеп.)
Жаңа киім қажет еді,
– Не киеміз? Күзде – мектеп.Ақ көйлекті (ағамдікі),
Кетседағы сарғыш тартып,
Киім қылып маған бүтін,
Беруші еді сәл қысқартып.Таңсәріден, тым тымырсық,
Мектеп бардық таласа ерте.
Қалтамызда – құрт, ірімшік,
Арқамызда – ала сөмке.Ауылдағы үй! Бақ, ырысым,
Бақытым да – өзіңде еді.
Саған деген сағынышым,
Содан бері көз ілмеді.Бар байлығым сенде менің,
Өтсе дағы уақыт сырғып.
Жаратқанға тәубе дедім,
Жаратпаған бақытсыз қып.

Оставьте комментарий