Қалқаман Сарин — Бұл өмір…

Осы парақта Қалқаман Сарин — Бұл өмір… деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Қалқаман Сарин — Бұл өмір… текст, сөздері, ән мәтіні

Бұл өмір қысқа, құстың тұмсығындай,
Жастығың жара бермес бүршік ыңғай.
Өкініп өткен күнге өксігенмен,
Жуарсың көңіліңнің кіршігін қай?Бұл өмір – ойнап жүріп от басулар.
Кездейсоқ кездесулер, қоштасулар.
Таусылған тағдырларды теңдеп алып,
Келмеске кеткен сонау көп ғасырлар.Бұл өмір – жауабы жоқ, сұрағы бар,
Алдамшы арзан бақтан кім арылар?
Қаңтарда көбелек боп жауған қардың,
Көктемде көз жасына куә қылар.Бұл өмір – кімге мәнді, кімге мәнсіз?
(Сағымдай бірде жоқсыз, бірде барсыз).
«Қар жаумай, қазан ұрмай солып қалар»,
Қайтейін ғұмырымды гүлден әлсіз.Бұл өмір – бізге мәлім өткел сынды,
Өтем деп сол өлкелді көп тер сіңді.
Жазғырып Жаратқанды жылаймыз-ау,
Жүргендей қатар кешіп от пен суды.Бұл өмір өтпес, өтсек біз өтерміз,
Қыс, Көктем, жасыл Жаз бен Күз екенбіз.
Тұншығып жасына әбден көзіміздің
Бір күні еріп кетер мұз екенбіз.

Оставьте комментарий