Қалқаман Сарин — Ертістің бойы…

Осы парақта Қалқаман Сарин — Ертістің бойы… деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Қалқаман Сарин — Ертістің бойы… текст, сөздері, ән мәтіні

Ертістің бойы – ескі жұрт,
Қарауыл. Қара шаңырақ.
Есілдің бойы…
Кешкілік
Жұлдыздан алқа тағынад.Ертістің бойы – ескі өлең,
Сол өлең қымбат бізге тым.
Есілдің бойы…
(Өспеген,
Жалғыз менің қызметім).Ертістің бойы – ескі Оба,
Жидебай жырлы Күмбезім !
Есілдің бойы…
Астана!
…Тиіп кетпесің тіл – көзің!Ертістің бойы – ескі Алаш!
Тәуелсіз ойдың мекені!
Есілдің бойы…
Ексе ағаш,Бәйтерек болып кетеді…Ертістің бойы – ескі арба,
Көнеден келген Керуен.
Есілдің бойы…
Достарға
Қосыла қалсаң — серуен…Ертістің бойы – ескі індет.
(Дертіме дауа берші, Аллам?!.)
Есілдің бойы…
Ешкім жоқ,
«Ереуіл атқа ер салған!»Ертістің бойы – ескі ауыл,
Естілік одан кеткен жоқ.
Есілдің бойы…
Дос, бауыр,
Ешкімге ешбір өкпем жоқ.Ертістің бойы – ескі мұң,
Бояуы сіңген бойыма.
Есілдің бойы.
Кешқұрым.
Осы өлең келді ойыма.

Оставьте комментарий