Қалқаман Сарин — Жылы жаңбыр құйып тұр

Осы парақта Қалқаман Сарин — Жылы жаңбыр құйып тұр деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Қалқаман Сарин — Жылы жаңбыр құйып тұр текст, сөздері, ән мәтіні

Жылы жаңбыр құйып тұр. Құйса, құйсын!
Далам жатыр аңқытып жусан иісін.
Жалаң аяқ жүгіріп мұндай шақта,
Еркелеген анаңа бір сәбисің.Жаушы, жаңбыр, жауа түс, жаушы, жаңбыр,
Естімеген адамзат ән шығар бұл?!
Періштелер қондырған қанатымен,
О, құдірет ! Тамып тұр тамшыдан нұр!Жаушы, жаңбыр, алмасып тозаң нұрға,
Бой көтерсін бозкөде бозаң қырда.
Жұпар шашып жағалай жатсын өлкем,
Жердің беті құлпырып көз алдымда.Құдіреттің қуатын дәл мүсіндеп,
Періштелер аспанға салды сурет.
Кеңістіктей кеңейіп көкірегім,
Жүрегіме осы нұр мәңгі сіңбек.Жаушы, жаңбыр, жауа түс, жаушы, жаңбыр,
Естімеген адамзат ән шығар бұл?!
Періштелер қондырған сендегі мен,
Ғашық болып өтемін тамшыға әрбір.

Оставьте комментарий