Қалқаман Сарин — Күздің соңғы қолтаңбасы

Осы парақта Қалқаман Сарин — Күздің соңғы қолтаңбасы деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Қалқаман Сарин — Күздің соңғы қолтаңбасы текст, сөздері, ән мәтіні

Қыс та келді. Тайды тағы Күз серттен.
Қар жауып тұр күйге ұласып біз шерткен.
Қара жердің айғыз — айғыз келбеті,
Қара қойдың терісіндей тұз сепкен.Өлді мезгіл, жете алмастан арманға аз,
Өзгермеген тек тәкәппар Тау маңғаз.
Қар астынан жылытады жанымды,
Кеше ғана күзге өкпелеп қалған Жаз.Қаһарлы қыс, қаталсыз — ау, кекшілсіз…
Көңілдерден қоңыр мұңым көшті үнсіз.
Қара аспаннан аппақ ұлпа жаудырған,
Құлдық ұрдым Құдіретке еш мінсіз!Жанарыңда жылт-жылт етіп шық күміс
Ай, қараша, қауысты құш, үтті құш!..
Амалың жоқ, аманат ет арманды —
Алдымыздан ақ боз мініп шықты қыс..Жүрегімде салқындық бар аздаған,
Салқын жүзбен көз тастайды әз — ғалам…
Күзге ғашық ақын едім қайтейін,
Күз туралы Оданы әлі жазбаған. Санамдағы сағынышты бұғаулап,
Қарашадан қар ұшады қылаулап.
Біздің шерді тарқататын үн — түнсіз,
Күздің соңғы қолтаңбасы — мынау бақ.

Оставьте комментарий