Жарлы жұртымның жағасы жыртық…
Жар астында ма жақсылық?
Кетіпті елдің арасын ірітіп,
Жалғанды жалмап жоқшылық…Қайтады қашан қазақтың кегі,
Жазмыш не дейді, көк аспан?
Шекесіне оның азаптың мөрі.
Басылған ба екен о бастан?Жер бетіндегі нала-сұмдықтың,
Қасіреттердің көптігі…
Олардың бәрі жанашырлықтың,
Жанашырлықтың жоқтығы!Жаттайын тынбай аят-сүрені
Мадақтап Мінсіз Алланы.
Ойсыз күндерден, оятшы мені,
Әдіре қалсын қалғаны…