Қалқаман Сарин — Туған ауыл

Осы парақта Қалқаман Сарин — Туған ауыл деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Қалқаман Сарин — Туған ауыл текст, сөздері, ән мәтіні

Туған ауыл, сен үшін тер төкпедім,
Кешір мені, кеш мені, сен текті елім!
Бір сағыныш мазалап ертелі-кеш,
Жүреді ылғи жанымды өртеп менің.Туған ауыл. Бәрі есте… Балалық шақ,
Қалаға кеп қаңғырдық қалам ұстап.
Кешір мені, күнәсіз балалығым,
Қала алмадым ауылда саған ұқсап.Қатты маған қызуың күннен сенің,
Сағынышым өзіңсің, мұң мен шерім.
Қайран ауыл, қалдың-ау үзіп алып,
Жұдырықтай жүректің бір бөлшегін.Тұрғанда жасыл өлке жырға тұнып,
Көшіріп алушы едім, қырда отырып.
Жауһардай жырға құмар жүрегімді,
Алар ма ем, тұнығыңа бір батырып.Көнермес қасиет бар келбетінде,
Сағынтар жалғыз мекен жер бетінде!
Ауылым, сенен алған тұнық сезім,
Жанымды бір ән болып тербетуде.Бәрі есімде бал ғұмыр, бала кездің,
Арман қудым. Ат міндім. Дала кездім.
Қазыналым, қымбатсың маған мәңгі,
Қарашығы секілді қара көздің!

Оставьте комментарий