Көктем еді жетті күздерің
Сарғайып тұр дала гүлдері
Жүрегімде жатыр іздері
Табарымды қайдан білмедім
Жүрегімде жатыр іздері
Табарымды қайдан білмедім
Қайырмасы:2рет
Сағымсыңба сен!!?
Күн нұрынан нәр алғанбысың
Таппадым сәулем,
Армандардан жаралғанбысың?
Ақ жаңбыр боп жаудың себелеп
Мүмкін талай өттім үстіңнен
Көгершін боп ақша бұлт кезіп
Найзағай боп жерге түстім мен
Көгершін боп ақша бұлт кезіп
Найзағай боп жерге түстім мен
Қайырмасы:2рет
Сағымсыңба сен!!?
Күн нұрынан нәр алғанбысың?
Таппадым сәулем,
Армандардан жаралғанбысың?
Талмаи келіп таудан қарадым
Сенің даусың емеспекен деп
Бал бұлаққа күнде барамын
Сенің күлкің емеспекен деп
Бал бұлаққа күнде барамын
Сенің күлкің емеспекен деп
Қайырмасы:2рет
Сағымсыңба сен!!?
Күн нұрынан нәр алғанбысың?
Таппадым сәулем,
Армандардан жаралғанбысың?