Тербейді жүрегіңнің әуені,
Сеземін жан дертімнің бар емі.
Әсем сазды үнімен, мұңымен,
Өмірдің әрбір күні әдемі.
Ақ таңды атыруда бар үміт,
Жығылсаң, жыламашы, тағы тұр.
Нөсерін төксе де өмір жолында,
Үзілмесін үмітің бәрібір.
Қайырмасы
Бақыт құсы қонады кеп,
Арманыңа ерсең.
Бәрі жақсы болады тек,
Жүрегіңе сенсең.
Алдамайды арманың, тілегің,
Мүмкін емес сенімнің сууы.
Жарқырайды жұлдызың білемін,
Мүмкін емес өзгеше болуы.
Тербейді жүрегіңнің әуені,
Сеземін жан дертімнің бар емі.
Әсем сазды үнімен, мұңымен,
Өмірдің әрбір күні әдемі.
Қайырмасы
Бақыт құсы қонады кеп,
Арманыңа ерсең.
Бәрі жақсы болады тек,
Жүрегіңе сенсең