Dimash Kudaibergen — Аққуым

Осы парақта Dimash Kudaibergen — Аққуым деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021

Dimash Kudaibergen — Аққуым текст, сөздері, ән мәтіні

Бақытыңды басқадан іздедің сен,
Аяулым, асылым.
Үмітімді өзіңнен үзбедім мен,
Аңсадым, ғашығым.
Неліктен махаббаттың гүлі солды,
Айтылды жүрек жыры соңғы.
Қарамадың бұрылып,
Менен мәңгі түңіліп.
Кеткені ме пәк сезімдер суынып?!

[Қайырмасы]
Аққуым, аяулым, арманым,
Арайлаған таңдарым.
Неліктен сен алдадың сезімдерді.
Жанымды, әнімді арнадым,
Түсіне сен алмадың
Мөлдір шықтың қалғанын көзімдегі.

Тағдырдың жазуына бар ма шара,
Қош, менің — қымбаттым.
Жүрегіңде жалын от қалмаса да,
Соңғы рет тіл қаттым.
Бақытыңды тілеймін кетсең шалғай,
Жүре алмаспын есіме алмай.
Қатар ұшқан сыңарым,
Сөнді сезім — шырағы.
Өзіңе арнап жазылған бұл әнім.

[Қайырмасы]
Аққуым, аяулым, арманым,
Арайлаған таңдарым.
Неліктен сен алдадың сезімдерді.
Жанымды, әнімді арнадым,
Түсіне сен алмадың
Мөлдір шықтың қалғанын көзімдегі.

Аққуым, аяулым, арманым,
Арайлаған таңдарым.
Неліктен сен алдадың сезімдерді.
Жанымды, әнімді арнадым,
Түсіне сен алмадың
Мөлдір шықтың қалғанын көзімдегі.

Бақытты бол.

Arranged by Erlan Bekchurin
Lyrics Written by Oral Baisengir.
Composer of Music Aimurat Mazhikbayev

Оставьте комментарий