Мен сенің күлген,
Сағынып жүрген,
Бейнеңді балдай.
Жүрсем де қайда,
Сіңірген бойға,
Аяулым, асыл, айнам-ай!
Қайырмасы
Жанарды толтырма, жасқа, мұңға,
Ойымнан кетпейсің қас-қағым да.
Көгімде жұлдыз боп күлімдейсің,
Мен жүрген қаланың мәңгі аспанында!
Сиқырдай тылсым,
Сен ғажап нұрсың,
Жүрегің білсін.
Кетсем де айлап,
Жұлдыздай жайнап,
Көгімде жанып тұрасың.
Сөзі А.Дүйсенбі
Әні Ұ.Жолдасов