Ойнаса домбырада он саусағым,
Төгілер шанағынан кәусар сарын.
Ән мен күй көктөсінде қалықтаса,
Әркім-ақ балғын бала аңсар шағын.
Қайырмасы
Аққу домбыра,
Гәкку домбыра.
Ғажап бір тынысың кең
Қазақтың үнісің сен.
Даланың ән-күйісің,
Ананың әлдиісің
Төгілсе домбырадан ғажап үндер,
Жайқалар көз алдымда дала гүлдер(і)
Тәтті үнін табиғаттың тыңдаған жан,
Мінекей мынау менің казағым дер.
Қайырмасы
Аққу домбыра,
Гәкку домбыра.
Ғажап бір тынысың кең
Қазақтың үнісің сен.
Даланың ән-күйісің,
Ананың әлдиісің